Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Екі ешкі ес жиғызды

Аудандық сотта, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен азамат Н.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Төтенше жағдайға байланысты, аталған әкімшілік іске құқық бұзушы "True Conf" мобильдік қосымшасы арқылы қашықтықтан қатысты. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Н.Ж. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарып, А.К-ның меншігіндегі екі бас ешкі малын қағып кеткен.

Сот қаулысымен, ол аталған заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521