Ең үздік бес жоба анықталды

Атырау облысында ауылдық ҮЕҰ-ның әлеуетін арттыру жобасы аясында бес бірдей жоба 1 млн теңгенің грантын ұтып алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Атырау облысы Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшылығымен Атырау облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру бағытындағы жобаны жүзеге асырып жатыр. Осы жобаны жүзеге асыру барысында ауылдық аймақтардағы үкіметтік емес ұйымдарды құру арқылы ауыл тұрғындарының белсенділігін арттыру мақсаты қойылған болатын. Жоба барысында тұрғындарды ары қарай жұмыс істеу үшін оқыту және ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 28 қазанда Атырау облысындағы барлық аудан бойынша ең үздік бес жоба анықталды.

grant2

Жобаның әр жеңімпазы 1 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант жеңіп алады. Атап айтсақ, Исатай ауданынан Арайлым Қалиева, Алмагүл Еспағамбетова, Дулат Шыманов, Қызылқоға ауданынан Айгерім Отарова, Жылыой ауданынан Алтынгүл Атабаева 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант иеленді. Ұтыс иелері алдағы уақытта ауылдық ҮЕҰ-дар мен бастамашыл топтарға жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешпек. Сондай-ақ, ауыл халқын жобалық басқаруға үйрету арқылы азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етпек.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨҚК

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21