Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Демалыс күні ем ала алмаймыз

Мұқыр ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды.

Бірақ оның жұмысына жергілікті тұрғындардың айтар өкпе-назы бар. Себебі, ауырып емделуге барсаң, ем қабылдау мерзімін жеті күнге деп береді. Алайда, емхана бес күн жұмыс жасайды. Аптаның сенбі, жексенбі күндері жұмыс жасамайды. Ем алып жатқан науқастың емі бесінші күннен кейін үзіліп қалады. Бұрын сенбі, жексенбі күндері түске дейін бір медбике келіп науқастарға қызмет жасайтын. Бүгінде бұл жұмыс тоқтап қалды. Себебін сұрасаң, ол күні еңбекақы төленбейді деп жауап береді.

Ендеше осы жағдайды оңтайлы шешуге болмай ма? Сондай-ақ, қазір түнгі мезгілде ауа-райы суық, емхана іші салқындап ем алуға қиындық туғызуда. Сондықтан, аталмыш мәселелерді жүйеге келтіріп, шешімін табу жолдарын қарастырып, ауыл тұрғындарының ем алуына жағдай жасалса екен деген тілегім бар.

Батыр МАҚЫМОВ,

Мұқыр ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521