Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бос баклашкалар далада жатпау керек

Бүгінгі таңда қай кәсіпті қолға алам десең де еркің өзіңде.

Өйткені, елімізде кәсіпкерлік кең қанат жайған күннен бастап, күні бүгінге дейін оларға жан-жақты көрсетіліп жатқан қолдау да жетерлік. Биылғы жылы жылжымалы қой жүнін қырқу, жүн жинау цехын ашу мақсатында жасақтаған жобам грантқа ілікті. Бұл бағыттағы жұмыс жолға қойылды. Қазір ауылдық жерлерде шашылып жатқан бос баклашкалар көп. Міне, осы баклашкаларды бөлек жинап, неге өткізбеске?

Биыл мен осы баклашкаларды жинап, қайта өңдейтін орындарға өткізуді қолға алмақпын. Бұл бір жағынан кәсіп болса, бір жағынан ауыл да таза болады. Баклашкаларды тайлайтын (престейтін) аппаратты да алып қойдым.

Енді осы қалдық ыдыстарды жинайтын орын қажет. Осы мәселе шешімін тапса, келесі жылдан бастап іске кіріспекшімін.

Азат НӘБИЕВ,

жеке кәсіпкер,

Сағыз ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521