Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БИЫЛ 18 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ

Биылғы жылдың 11 айы ішінде аудан бойынша 18 өрт оқиғасы тіркелді.

Өрт оқиғасы басқа орындарға қарағанда тұрғын үйлерде жиі орын алып отыр. Оның басты себептері, отты абайсыз қолдану, пештің ақаулығы, электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру болып табылады. Егер үйде от жағылған уақытта пеш ақаулы болса, бұл өрттің баспанада орын алуына бірден-бір себепші.

Сондықтан, үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Мұржалары жылына кем дегенде екі рет тазартылып, сыланып, әктелуі қажет. Балаларға пешті қарауға және жағуға тыйым салынады. Сонымен бірге, газды пайдаланғанда өрт қауіпсіздік ережелері сақталмаса өрт оқиғаларының орын алуына себеп болады. Егер газдың иісі ауадан сезілген жағдайда сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқа да электр қондырғыларын іске қосуға болмайды. Бұл ретте, газ шыққанын байқасаңыз, тез арада есік пен терезені ашып бөлмені желдетіп, құтқару қызметіне хабарласу керек.

Өрт оқиғаларына тағы бір себепші – электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерінінің бұзылуы. Көбінесе үйге электр желісін жүргізген кезде, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жайттардың барлығы өртке әкеп соқтыруы мүмкін. Егер үйде электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса оны өзіңіз жөндеу өте қауіпті. Өрт көпшілігінде тұрмыстық электр заттарды электр қуатына қосқышта орын алады.

Сондықтан, үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2-3 тұрмыстық электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек. Сондай-ақ, қолына сіріңке ұстап ойнаған жасөспірімдердің абайсыздығынан болған өрт оқиғалары аз емес. Оттың не екендігін, оның қауіптілігін балаға ерте жастан түсіндірген жөн. Балаларды үйде немесе аулада ұзақ уақыт қараусыз қалдырмаған жөн.

Жәнібек ӨТЕШОВ,

аудандық №10 өрт сөндіру бөлімінің

қарауыл бастығы

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521