Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ!

Жаз айлары басталысымен облыста балалармен жазатайым оқиғалар саны өсуде, бұл ретте көбінесе екі жастан алты жасқа дейінгі балалар.

Апаттардың негізгі себебі балаларды қараусыз қалдыратын ата-аналардың бейқамдығы болып отыр. Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019 жылғы 1 шілдедегі №1-29-3-04/2453 хатын негізге алып, балаларды жазатайым оқиғалардан сақтау мақсатында, кәріз люктерінің қақпақтарына арнайы құлыптар орнатып, балалардың құлауына жол бермеу жөніндегі өзге де тәсілдерді қарастыру, тұрғын үй кешендерге қызмет көрсету жөніндегі басқарушы компаниялардың басшыларымен қорғаныштық терезе блокираторларын орнатуға бірыңғай қаражат жинау бойынша тұрғындармен талқылауды ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша әлеуметтік роликтерді орналастыру, кіреберістер мен лифттерде орналасқан жарнама мониторларында әлеуметтік роликтерді көрсету мүмкіндігін қарастыру шараларын қолға алуды сұрайды. Қолға алынған шаралар балаларды жазатайым оқиғалардан сақтайды деген сенімдеміз.

Ж.ТӨРЕМҰРАТОВА,

Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521