Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БӨТЕН МАЛДЫ СОЙЫП АЛЫП, ІСТІ БОЛДЫ

Қызылқоға аудандық сотының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігінде, 188-бабы 3-бөлігінің 2) тармағында және 188-бабы 3-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған Т.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Т.А. бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқыру мақсатында, 2019 жылдың қыркүйек-қараша айлары ішінде өзінің үйінің мал қорасына адасып кірген 2 қой, 1 ешкі малын жасырын сойып алып отырған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 90 000 теңге материалдық залал келтірген. Басты сот талқылауында үш жәбірленуші де, өздеріне келтірілген зиянның орны жартылай толтырылса да, сотталушыға талап қоймай, ауылдың танитын баласы болғандықтан бас бостандығынан айырмайтын жаза беруді сұраған.

Сот үкімімен сотталушы Т.А. кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521