Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУЫЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қала мен ауылды дамытудың берік негізі – шағын және орта бизнес деп атап өткен болатын.

Өйткені, егер мемлекет ырғақты және тұрақты даму жолына түскісі келсе, оның әлеуметтік-экономикалық бағдарламасына міндетті түрде шағын және орта бизнесті дамыту шараларын енгізу қажеттігі әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Яғни, бүгінде дамыған елдерде ішкі жалпы өнім көлемінің 40-90 пайызы шағын және орта бизнестің үлесіне тиеді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі шағын және орта бизнестің дамуымен тығыз байланысты.

Сондықтан, біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек. Бұл ретте, биылғы Жолдауда ел игілігі үшін бірқатар шаралар көзделген, яғни 2020 жылдың қаңтарынан бастап, кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешім күшіне енеді. Ауыл тұрмысының жақсаруын қамтамасыз етпей, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру мүмкін еместігі белгілі. Осыған орай, қазіргі уақытта қолға алынып жатқан Елбасының «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру үшін алдағы үш жылда ел қазынасынан 9 миллиард теңге бөліну жоспарлануда. Бұл қаражат көлік, ауызсу және газбен қамтамасыз ету секілді инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеуге жұмсалады.

Сонымен бірге, Жолдауда шағын және орта кәсіпкерлік пен қатар туризмге де, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамыту экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажеттігі және туризмді дамыту үшін инфрақұрылым жүргізуді, соның ішінде жол салып, білікті мамандар дайындауды қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Бұл ретте, ауданымызда туризмге сұранып тұрған жерлер бар. Ал, оны дамыту үшін ең басты мәселе – инфрақұрылым. Яғни, автокөлік жолдарын жаңғыртып, электр, газ желілері тартылса, адам капиталының еркін қозғалысы нәтижесінде білікті кадрлар тарту, жұмысқа орналасу, бизнес ашу сияқты мәселелер оңай шешілетін болады.

Тоғжан ОРЫНҒАЛИ,

аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521