Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны 29-ға жетті

Atr.kz/5 сәуір, 2020 жыл. Науқастардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел адам.

Олардың барлығы кезінде вирус таратушылармен қарым-қатынас жасағандар.

“Ер адамдардың жас ерекшеліктері де әртүрлі. Ең үлкені 1960 жылғы ер адам. Сонымен бірге, 1983 жылғы және 1986 жылғы туған жергілікті екі тұрғыннан да аталмыш вирус расталып отыр. Екі әйел адамның жастары шамалас. Олар 1969, 1957 жылы туылғандар.

Вирус расталған алтыншы адам он сегіз жастағы қыз бала” делінген Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда науқастар инфекциондық стационарға жатқызылды. Олармен байланыста болғандар оқшаулануда.

Елімізде қауіпті індетке шалдыққандар саны 584 адамға жетті. 42 адам емделіп шықты.

Өкінішке орай, 6 адам көз жұмды.

Осынау қиын сәтте Атырауда жергілікті азаматтар, кәсіпкерлер, мешіттер тарапынан түрлі қайырымдылық акциялары көптеп ұйымдастырылып жатыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Дереккөз: atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521