Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қаралы үйдің дастарқаны - той емес

Таяуда «Бәйтерек» мешітінде «Иман жастары» еріктілер тобының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары мен жамағаттарының басын қосқан жиын өтті.

Онда сөз алған аталмыш мешіттің бас имамы Мұрат Сұлтанов жаназа мен садақалардағы ысырапты азайтып, бірізділікке түсіру қажеттілігін атап өтіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі бекіткен садақаның ас мәзірін таныстырды.

Оның айтуынша, адамы қайтыс болып, қара жамылып отырған үй әлі де садақа дастарқанын жаю барысында ысырапшылдыққа бой алдырып келеді. Әрине, қаралы үйдің дастарқаны – той емес. Қазіргідей салаттың түр-түрі, мүше-мүше ет, алуан жеміс-жидек емес, ең қажетті деген тағамдар тұрса жеткілікті. Бұл ретте, қасиетті Құранда: «Ішіңдер, жеңдер бірақ, ысырап қылмаңдар. Өйткені, Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді!» деп жазылған.

Сондықтан, садақа дастарқаны қарапайым ғана жасалуы тиіс. Жиында ауыл тұрғындары Жаубасар Мұқанбетов, Хамидолла Әбдірахманов, Сүйеуғали Дүйсәлиев, Табылды Құмарғалиев, Мәлік Сүлейменов, Еркін Көптілеуовтер бас имамның пікірін құптап, көтеріп отырған мәселені қолдайтындықтарын білдірді. Жиын барысында жаназа шығару, садақа дастарқаны туралы шағын бейнебаян көрсетіліп, қатысушыларға «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы мен ас мәзірінің үлгісі таратылды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521