Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АҢШЫ МЫЛТЫҒЫН ҰСТАУШЫҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Аудандық сотта, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 482-бабының 1-бөлігіне қатысты азамат Д.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Д.А. ішкі істер органдарында тіркелмеген «БМ» маркалы, екітегіс ұңғылы, 16 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз иеленіп алып жүрген. Атырау облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлімі маманының балистикалық зерттеу қортындысы бойынша Д.А.-дан алынған қару 16 калибрлі «БМ» моделді тегіс екі ұңғылы шақпақты аңшы мылтығы, атуға жарамды екендігі көрсетілген.

Сот қаулысымен, азамат Д.А. аталмыш заң талаптарына сай кінәлі деп танылып, құқықбұзушылықтың тікелей нысанасы болған қару тәркілене отырып, оған 35350 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521