«Шүкір Жасқайрат» – жеңімпаз

Таяуда «Арман» мәдениет үйінде аудандық «Көңілді тапқырлар клубы» ойындарының финалдық бәсекесі болып өтті.

Аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен болған «КТК» ойындары «Маусымашар», «1/8», «1/4», «1/2», «финалдық» кезеңдерден тұрды. Көктем айында басталған бұл шараға ауданымыздың әр аймағынан 12 команда бақ сынап, оның ішінен оқ бойы озық болған 4 құрама финалдық кезеңде өнер көрсетті. Жылдағы дәстүрмен тұрақты ұйымдастырылып жүрген «КТК» ойындарының биылғы маусымы өз мәресіне жетті. Ақтық сайыста «Жамбылдық жігіттер», «Гимназия жастары», «Шүкір Жасқайрат», «Миялы Сити» командалары чемпиондық атаққа таласқан болатын. Финалдық ойын «Сәлемдесу», «Видео сайыс», «Жұлдыз бен көрініс» кезеңдерінен тұрды. Нәтижесінде, «Шүкір Жасқайрат» командасы І орынды иеленсе, «Жамбылдық жігіттер», «Миялы Сити» командалары ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісіп, «Гимназия жастары» командасы алғыс хатпен марапатталды.

Ал, «Үздік ойыншы» номинациясына «Жамбылдық жігіттер» командасының ойыншысы Құмар Ерсұлтан лайықты деп танылды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен чемпиондық кубок табыс етілді.

Нұрәділ ЕЛАМАН.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031