ҚОС ІШЕКТЕН КҮЙ ТӨГІЛТТІ

Өткен жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленген еді.

m

Осыған орай, Мұқыр ауылында «Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Баға жетпес ұлттық өнерімізді өскелең ұрпаққа үйретіп, келешекке аманаттау, ұлттық рухымыз бен ұлттық дәстүрімізді насихаттау мақсатында өткен шарада домбырашылар тобы жұртшылыққа Құрманғазы, Дина, А.Жұбанов, Ә.Желдібаев, Қ.Ахмедиярдың күйлерін тарту етіп, күй өнерінің құдіреттілігі жайлы сыр шертті. Сондай-ақ, домбыраның сүйемелдеуімен Б.Досбосынов пен А.Ержанованың орындауында халық әндері мен «Қазақ осы», «Қазақы дастарханым», «Кең жайлау» әндері шырқалды.

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031