banerkzbig

ЛӘЗЗАТТІҢ ЖАН СЫРЫ

Ән халықтың сүйіп тыңдайтын сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай қазынасы болып табылады.

Шыққан күн мен туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке дейінгі жанына серік ететін, көңілінің құлпын ашатын жан серігі. Бұл ретте, халықтың жүрегіне жеткізе білетін әншінің орны бөлек. Міне, сондай әншілердің бірі – Ләззат Тастаева.

lzzat-foto-2

Жақында «Арман» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Мәдениет майталманы» тақырыбында сыр сұхбат кеші өтті. Кеш қонағы әлгінде айтқан жезтаңдай әнші - Ләззат Тастаева. Аталған шараға ән сүйер қауым мен әншінің шәкірттері және ұжымдастары қатысты. Шара Бисұлтан Мұхтаровтың орындауында «Қазақ қызы» әнімен ашылып, Ләззат Бегісқызының өмірбаяны таныстырылды. Одан соң әншінің балалық шағы, өнерге қалай келгені және кімдер ықпал еткені жөнінде сұрақ қойылды. Бұл сұраққа:

- «Мен бала күнімде ешқандай сахнада өнер көрсеткен жоқпын. 10-сынып оқып жүрген кезде ұстазым Роза Бүркітова аудандық «Жас қанат» байқауына қатыстырды. Балалық шақтағы алғаш орындаған әнім А.Бексұлтанның «Туған жерге сағыныш» әні,-деп жауап беріп, сол әнді орындап берді.

lzzat-foto-3

Қуанышы мен қайғысы алмасқан бес күндік жалғанда сазгер мен ақындардың қалам тербейтін тақырыбы мол. Қамшының сабындай өмірде жаныңа жалау бола білген жандарға жүрегіңнің төрінен орын беріп ән арнап қойсаң керемет емес пе?! Осындай адал достықтың көрінісін елге үлгі етіп жүрген Кәдірбай Жолаев досы Сейсенбі Құлмағанбетовке арнаған «Сағындым сені сыңарым» атты туындысын кеш иесі тамылжыта орындады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей ұзақ жыл ұстаздық етіп келе жатқан әншінің шәкірттері халықаралық сайыстарда өнер көрсетіп, жүлделі оралып, ел мерейін үстем етіп жүр.

lzzat-foto-4

Осы орайда, Ләззаттің шәкірті Ақбаян Аманжолова «Мама» әнін шырқап берді. Ал және бір шәкірті Айым Мысырғали «Тәуелсіз қазақ қызымын» деп тамаша ән тарту етті. Әнші жанұялық өмірінен бір үзік сырмен бөлісіп, «Сәулем-ай» әніне кезек берді. Осы тұрғыда, әншілігі мен ұстаздығынан бөлек аяулы жар, ардақты ана, ибалы келін екеніне көзіміз жетті. Себебі, ол өміріндегі барлық жетістігі анасының арқасында екенін айтып ел алдында енесіне бас иіп алғыс білдірді. Бұл көрініс көрермен жүрегін тебірентпей қоймады. Иә, шіркін бар қазақтың қызы осындай қайсар, тәрбиелі, текті бола алса қандай ғажап?! Сыр сұхбат кеші Ләззат Бегісқызы мен Ақбаян Аманжолова орындаған Әсеттің әні «Хисметпен» түйінделді.

Шарада «Арман» мәдениет үйінің директоры Кенжебек Нұрланұлы, аудандық «Өнер» мектебінің мұғалімі Дина Тілеубайқызы, Ләззат жетекшілік ететін «Көзайым» ән-би тобындағы әріптестері құттықтау сөз сөйлеп, сый-сияпаттарын ұсынды.

Әсел ТАУШАНОВА

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig