Берік – байқау жеңімпазы

Жақында Батыс Қазақстан облысының көршілес Қаратөбе ауданында Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ғарифолла Құрманғалиевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Жез таңдай, күміс көмей ән еркесі» ІV республикалық әншілер байқауы өткен болатын.

Аталған өнер додасына қатысқан жерлесіміз, дәстүрлі әнші Берік Амантаев аудан абыройын асқақтатып қайтты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жетзтаңдай әншілердің байқауы екі кезеңнен тұрды. Берік байқаудың бірінші бөлімінде Ғарифолланың «Асылжан», қызылқоғалық Қаште Жұмалыұлы «Ақ сары», Мұхиттың «Зәуреш», екінші бөлімде осы композиторлардың «Қара қаншық», «Есімде» әндерін нақышына келтіре орындап, көрермен қауымның көзайымына айналды. Байрақты бәсекеде өзінің дара дауысымен көзге түскен әнші Берік қазылар алқасының ұйғарымымен бірінші орынға ие болып, 350 мың теңге ақшалай сыйақымен марапатталды. Қазір өнерлі жігіт қыркүйек айында Маңғыстау өңірінде өтетін «Жеті қайқының әндері» атты республикалық байқауға дайындалуда.

Дулат МӘТЖАН

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031