banerkzbig

АУДАН КӨРМЕСІ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА

Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында сәрсенбі күні Атырау қаласында өтіп жатқан Қызылқоға ауданының күндерінде «Ұлы дала тарихы» тақырыбында көшпелі көрме шымылдығын ашты.

m7

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған шараға ауданның Құрметті азаматтары мен еңбек ардагерлері, жоғары, арнаулы оқу орындарында оқып жатқан студенттер, мәдениет саласының қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

m3

Көрменің ашылу салтанатында облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Ләззат Салихова, аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов, ауданның Құрметті азаматы Бибоз Шаяхметовтер сөз сөйлеп, жұртшылықты салтанатты сәтпен құттықтады.

m

Бұдан кейін қонақтар ауылдың дәмінен ауыз тиіп, көшпелі көрмені аралады.

m

Оларға жол көрсеткен аудандық музейдің экскурсоводы Нұржамал Махмет аудан тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін қысқаша таныстырып өтті. Ұлы Отан соғысы кезінде Мақат ауданындағы, Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы, Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданындағы 30 ұжымшар мен бір кеңшар біріктіріліп, Қызылқоға ауданы болып құрылды. Аудан орталығы алғашқыда Қарабау ауылы болғанымен түрлі себептермен 1959 жылы Миялыға көшірілді.

m4

Кейіннен аудандағы шаруашылықтардың ірілендірілуіне байланысты ұжымшарлар біріктіріліп, сегіз кеңшарды құрады. Биыл 75 жылдығын атап өткен ауданда 10 ауылдық округі мен соларға қарасты 16 елдімекен бар. Құрылған уақытынан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатқан ауданда «ҚайнарМұнайГаз» МГӨБ, «МәтенПетролеум» АҚ, «Сағыз Петролеум» ЖШС секілді мұнай өндіретін құрылымдар жұмыс істейді. Аудан мақтанышы Х.Досмұхамедовке, тарихи тұлғаларға, Социалистік Еңбек Ерлеріне, ауыл шаруашылығы, денсаулық салалары мен спорт саңлақтарына арналған бұрыштармен және басқа да аудан тарихына қатысты жәдігерлермен танысқан жұртшылық біраз мәліметтерге қанықты.

m6

Айбас батырдың сауыты, ескі қару-жарақтар, көне тұрмыс бұйымдары, ат әбзелдері, аң-құстардың тұлыптары, зергерлік бұйымдар қойылған көшпелі көрмеде 300-ге жуық адам болды. Сондай-ақ, көрмеде қолөнерші Айгүл Тұрашева өз жұмыстарымен таныстырып, шеберлік сағатын өткізсе, келушілерге аудан тарихы туралы бейнероллик көрсетілді. Ал, «Ақжелең» этно-фольклорлық ансамблінің ұсынған концерттік бағдарламада күйші Жәнібек Жәмиев күмбірлете күй төксе, әнші Раушангүл Стомма халық әні «Ағажан Ләтипаны» тамылжыта шырқады.

m8

Концерттік бағдарламада жерлес сазгер Бауыржан Ақтаевтың шығармалары орындалып, шара дәстүрлі әнші Берік Амантайдың орындауында «Топырағыңнан айналдым, Қызылқоғам» әнімен қорытындыланды. Айта кетсек, «Ұлы дала тарихы» атты ауданның көшпелі көрмесі 10 қарашаға дейін жұмыс жасайды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig