Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АТЫРАУ ДӘРІГЕРЛЕРІ КӨЛІК АПАТЫНАН ЖАРАҚАТ АЛҒАН АДАМДЫ МҮГЕДЕКТІКТЕН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Жол апатынан кейін омыртқасына зақым келіп, жүре алу мүмкіндігінен айырыла жаздаған жігітті атыраулық дәрігерлер аман алып қалды.

Жылыой ауданында болған жол-көлік оқиғасынан кейін жігіт дереу аудандық ауруханасына жеткізіледі. Омыртқа-жұлыны сынып, жамбасына зақым келген, миы шайқалып, өкпесі қысылған. Одан бұрын, науқас денесінің белінен төмен бөлігін сезуі уақыт өткен сайын төмендей береді. Дереу тиісті ота жасалмаса, жағдайдың қиын болатынын түсінген дәрігерлер, науқасты Атырау облыстық ауруханасына жеткізген.

- Науқастың омыртқасына күрделі ота жасалды. Сәтті жасалған отадан соң, науқастың жағдайы жақсарды. Динамикалық жақсару байқалғаннан кейін, науқас нейротравматология бөлімшесіне ауыстырылып, кейін амбулаториялық ем қабылдау үшін ауруханадан үйіне шығарылды. Жас жігіттің өмір бойы мүгедек болып қалу қаупі болды. Бірақ, дер кезінде жасалған тиісті отадан соң, бүгінде оның өмірі мен денсаулығына алаңдайтын ештеңе жоқ, - дейді облыстық аурухананың нейротравматология бөлімінің дәрігері Еркін Ербулеков.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521