Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Жырларымды оқы да, ойларымды ал»

Мұқыр орта мектебінің кітапханасы мен Мұқыр ауылдық клубының ұйымдастыруымен ақын Фариза Оңғарсынованың ақындық өнерін насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында «Жырларымды оқы да, ойларымды ал» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамытып, оларға ақынның тәлім-тәрбиелік ойларын түсіндіру – өз елінің нағыз патриоттары болуға тәрбиелейді. Кеште, ақынның кітаптарынан көрме ұйымдастырылып, мектеп оқушылары өлеңдерін жатқа оқыды.

Сондай-ақ, ауыл өнерпаздары ән шырқап, көрермендерді тәнті етті.

Әсем ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521