banerkzbig

ҰСТАЗ ЕСІМІ МӘҢГІЛІК

Өткен аптаның бейсенбісі күні «Арман» мәдениет үйінде «Ұстаз аты биік әрі мәңгілік» атты жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірттерінің жүрегіне жол тауып, бала жанының бағбаны атанған ұстаздар күніне орай салтанатты шара өтті.

m2

Онда алдымен жиналғандар дарынды оқушылардың жасаған қолөнер бұйымдары қойылған көрмені тамашалады. Көрмеге кешкі отырысқа киетін сәнді көйлектер топтамасы қойылған. Бұдан кейін «Білім туралы ұлылар ұлағаты» атты тағылымды көрініс көрсетілді. Шараны құттықтау сөзімен ашқан аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков:

– Сіздер әрдайым жас ұрпақтың бойына сапалы білім, саналы тәрбие сіңіріп қана қоймай, өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңіз бен ізгі ниеттеріңіз арқылы әр баланың жүрегіне аппақ армандар ұялатып, биік мақсаттарға қол созуларына себепкер болып келесіздер. Әрбір оқушының дұрыс ой түйіп, білімге деген құштарлықтарын арттыруда ұстаздың еңбегін бұл дүниеде ешбір нәрсе де алмастыра алмайды. Еліміздің болашағын қалауда қызылқоғалық мұғалімдер қауымының да зор үлес қосып келе жатқандығын біз орынды мақтан етеміз. Ұлт ертеңін қалыптастыру үшін уақытпен санаспай атқарған ерен еңбектеріңіз үшін Сіздерге, Ұстаздар, алғыс білдіремін, - деп елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғандығын тілге тиек етті.

m3

Одан соң Айдулат Жанатұлы сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі атқарған жұмыстары үшін Жаңашаруа орта мектебі мен «Қызғалдақ» балабақшасының ұжымдарын «Үздік білім беру ұйымы» номинациясымен марапаттаса, Кенбай орта мектебінің мұғалімі Серікбай Аман, Ғ.Сланов атындағы және Тасшағыл орта мектептерінің мұғалімдері Әліби Башиев, Перизат Хамзиева, «Нұр-Шуақ» балабақшасының тәрбиешісі Айдана Ағрапова, Миялы балалар өнер мектебінің мұғалімі Арманда Айсағалиевтерге аудан әкімі Арман Баженовтың алғыс хатын табыс етті.

m4

Шара барысында сөз сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали мен «НұрОтан» партиясы аудандық филилы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов білім беру саласын дамытуға қосқан үлестері үшін бір топ мұғалімдерді алғыс хатпен марапаттады. Ал, аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Бағдаров білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген ұстаздар Абзал Шоқан мен Дана Мәделбекованы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің алғыс хатымен марапаттаса, бір топ ұстазға облыстық салалық кәсіподақ комитетінің алғыс хатын, өз атынан алғыс хаттар табыс етті.

m5

Сондай-ақ, жас маман Нұрбол Сергейұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұйымдастырушылар атынан сала ардагерлеріне естелік сыйлықтар табыс етілсе, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі келісім шарт және шақырту бөлімшесінің бастығы Бауыржан Шырынбеков жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беріп жүрген мұғалімдерді аталмыш бөлім бастығы Анарбек Муталяповтың алғыс хатымен марапаттады.

m6

Салтанатты шараның соңы аудандық білім саласындағы өнерпаз жастардың ұстаздарға тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig