Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өнерлі балғындардың жеңісі

Қашанда жағымды жаңалықтарымен қуантып жүретін Қоныстану балалар өнер мектебінің ұстаздары мен оқушыларының жеткен жетістіктері аз емес.

Сөзімізге дәлел, облыстық Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Театрдың ғажайып әлемі» байқауында «Талант» драма ұжымы оқушылары мен ұстаздары «Күш атасы Ер Қоян» атты ертегісін қойып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, «Үздік хореография» номинациясы бойынша арнайы дипломға ие болды. Ал, «Сәндік қолданбалы өнер» және «Бейнелеу өнері» мамандығы бойынша білім алатын оқушылар республикалық конкурстарға қатысып жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, республикалық «Қыс қызықтары» байқауында Дильяра Аманбайқызы, Айтолқын Манарбекқызы, Мадина Қоблан, Аяна Аманғали І орынға ие болса, Ерасыл Серік, Нұрлыгүл Қандыбекқызы, Тұрсынай Жалғас ІІ орынмен, Кәусар Абайқызы арнайы сертификатпен марапатталды. Сондай-ақ, «Жаңа жылдық мозайка» байқауында Фатима Қабыл, Нұрқуат Қалидолла, Аружан Нұрлыбекқызы І орынды, Әкежан Жалғас, Ерасыл Серік ІІ орынды иемденсе, «Қыс мезгілі» байқауына өз жұмыстарын жіберген Фархат Кәрім І орынды, «Өзім жасаймын» атты қолөнер номинациясы бойынша Кәусар Жолдас, Қарақат Жолдас, Дильяра Аманбайқызы І орынды иеленді.

Сонымен қатар, «Данышпан» шығармашылық байқаулар орталығының ұйымдастырған «Халық-аралық әйелдер күні» атты республикалық байқауында «Қолөнер» номинациясы бойынша «Сәндік қолданбалы өнер» мамандығының 1-сынып оқушылары Мәдина Қоблан, Рысгүл Байболсын, Аяна Аманғали, Дильяра Аманбайқызы І орынды иеленсе, бейнелеу өнерінің «Апликация» және «Сурет» номинациясы бойынша Ермұрат Қабдраш және Нұрлыгүл Қандыбекқызы І орынды жеңіп алды.

Бұдан бөлек, «Сәндік қолданбалы өнер» мамандығының 1-сынып оқушылары «Еуразиялық гендік қор» ғылыми-өндірістік білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жас суретші» республикалық байқауында «Графика» жанры бойынша Гүлжанат Талғатова, Тұрсынай Орынғали, Диас Тілекқабыл І орынды жеңіп алса, «Данышпан» шығармашылық байқаулар орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қош келдің, әз Наурыз» атты байқауда «Сурет» номинациясы бойынша Бауыржан Жантілеу, Әдемі Серік, Қарақат Жақсылық І орынға ие болды. Ал, республикалық «Шуақты көктем» атты байқауда Қалидолла Нұрқуат, Құмарғали Райымбек, Түгелбай Диас І орынды иеленді. Сонымен қатар, биылғы жылы мектеп бітіруші түлектеріміз дарынды да талантты шәкірттеріміз, облыстық, республикалық, халықаралық конкурс-фестивальдардың жеңімпаздары қобызшы Мәдина Кәдірбекқызы мен домбырашы Сабыржан Жұмақұлов «Өнерге қанат қаққандар» атты концертін берді. Осы орайда, «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші балғындарға бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздары А.Жалжанова, С.Ғапуова, Э.Қазиева, Есет Махмут пен жас маман Кенжеболат Ақжомартқа оқушылардың айтар алғысы шексіз.

Жарқынай МҰҚАШЕВА, Қоныстану балалар өнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521