Интернет байқаудан жүлделі болды

Қазақстан педагогтарының білімін дамыту және қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру; Ұлттық құндылықты жастарға насихаттау» атты интернет байқауға Х.Досмұхаммедұлы атындағы орта мектептің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Байқауда өз шығармашылықтарымен жүзден жүйрік шыққан аталмыш мектеп оқушылары Шұғыла Сайды, Мансұр Мағжанұлы, Әнел Теміровалар бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды Ақмерей Қадірова, Кәусар Төлеп, Арсен Қабдырахман, Ботагөз Сайдылар иеленді. Ал, Айкөркем Қуаныш, Нұрай Шәлікқызы, Айсезім Өткелбайларға үшінші орын бұйырды. Республикалық дарынды оқушылар сайысына шәкірттер дайындағаны үшін Х.Досмұхаммедұлы атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Шолпан Елеуоваға, Қазақстан педагогтарының білімін дамыту және қолдау орталығының директоры Анар Еділқызының алғыс хаты берілді.

Нұрәділ ЕЛАМАН

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031