Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ДАРЫНДЫ БАЛА – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Мектеп партасында отырған әр оқушының жеке қабілетін анықтап, шығармашылық дамуын жетілдіру бағытында Кенбай орта мектебінде «Дарын» орталығы жоспарлы жұмыс жасап келеді.

Әр сыныптың дарынды оқушыларының арасында мектепішілік сайыстар, шығармашылық жұмыстар, тест тапсырмаларын орындау, түрлі байқаулар өткізіледі. Соның бір көрінісіндей, орталық жетекшісі, бейіндік оқыту орынбасары Фариза Жұмабаева білімділік бағытында «Дарынды оқушы -2020» байқауын ұйымдастырды.

Жаңашыл ұрпақтың дарындылық қабілетін дамыту мен шыңдау мақсатын көздеген байқауға 1-10 сынып дарындылары қатынасты.Ерекше әдісте ұйымдастырылған байқау кезеңдері 1-4 сыныптар бойынша: оқушының өзін-өзі таныстыруы, мен математикпін, полиглот ( көрсетілген суретті үш тілде айту), сурет салу (салған суреті бойынша мәтін құрау), сиқырлы әріптер (берілген әріптерден сөздер құрау), 5 сыныптар бойынша: дарындының өзін-өзі таныстыруы (шығармашылық тұрғыда портфолио,слайд көрсету), кім жүйрік (пән бойынша сұрақтар), Панно немесе композиция дайындау, қорғау, полиглот, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу, 6-8 сыныптар бойынша, шығармашылық таныстыру, мен көшбасшымын (пән бойынша сұрақтар), менің қолымнан бәрі келеді ( сәндік-қолданбалы шеберліктің түрлі техникаларында орындалған жұмыстарын ұсынады), полиглот, Абай өлеңдерін оқу, 9-10 сыныптар бойынша, шығармашылық таныстыру, мен көшбасшымын, ТеdX форматта жоба қорғау (еркін тақырып), сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

-STOP-MOTION технологиясымен құрылған бейне сюжетті шығарма, мен блогермін (әлеуметтік желіде немесе сайтта өз блогын жарнамалау) бөлімдерін қамтыды. Дарынды оқушылардың бойындағы білімдері мен алғырлықтарын, жаңа технологияны еркін пайдалану қабілеттерін, болашақ өмірге көзқарастарын, шешендіктерін, шығармашылық ізденістерін, үш тілділікті жетік меңгеруін бағалауда пән мұғалімдері сарапқа салды. Байқаудың І кезеңінің жеңімпаздары анықталып, марапатталды. Енді ІІ кезеңі сәуір айында өткізіліп, мамыр айындағы қорытынды кезеңде жылдың «Дарынды оқушысы» анықталатын болады.

Жаннат ЕСЖАНОВА,

Кенбай орта мектебі

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521