Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда «Болашақ» бағдарламасының орталығы ашылды

Енді «Болашақ» бағдарламасымен оқуға ниеттілер С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде барып құжат тапсыра алады.

Мұнда қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі, серіктес университетті таңдау бойынша кеңес беріледі. Бұл «Болашақ» Президенттік стипендиясының қосымша мүмкіндігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Университеттің міндеті - «Болашақ» бағдарламасы бойынша жас мамандар мен оқытушыларды даярлау, әлемнің жетекші университеттерінде озық тәжірибелерді дамыту.

«Біз профессор-оқытушылар құрамының құзыреттілігін көтереміз. Бұл ең жақсы академиялық бағдарламаларды дайындауға мүмкіндік береді», - дейді университет басшылығы.

Айта кетейік, бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521