Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЛҒАШҚЫ СЫНАҚ ӨТТІ

Жақында Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің базасында ұлттық бірыңғай тест сынағының ақылы негізде алғашқы кезеңі болып өтті.

Оған биылғы жылы мектеп бітіруші 390 түлектің 271-і қатысып, бақтарын сынады.

Нәтижесінде, 2 оқушы 100-ден жоғары (Маркизат Ұлықпанова 118, Гүлімай Жалғас 108) балл жинаса, ең төменгі балл – 17. Шығармашылық бағытта сынақ тапсырғандардың жоғары көрсеткіші 37 балл болса, ең төменгісі 10 баллды құрап отыр. Бірінші кезеңнің қорытындысымен орта балл 44,7 пайызды (шығармашылық бағытты қоспағанда – 49,9) құрады. Айта кетсек, биылғы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ұйғарымы бойынша ұлттық бірыңғай тест тапсыру алдында ұялы телефон және басқа да тыйым салынған заттар табылған түлектер сынақ тапсыруға кіргізілмей, акт жасақталып ғимараттан шығарылады.

Сондықтан ата-аналар мен мектеп мұғалімдері оқушыларға осы жайтты ескертіп, түсінік жұмыстарын жүргізгендері жөн. 24-29 наурыз күндері өтетін ұлттық бірыңғай тестінің екінші кезеңіне өтініштерді қабылдау 1-15 ақпан аралығында жүреді.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521