Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Zhas project» жеңімпаздары анықталды

«Жастар жылына» орай республикамыздың бірқатар аймағында ұйымдастырылып жатқан «Zhas project» жобасына ауданымыздан 121 өтінім жіберіліп, оның 46-сы жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, жоба жеңімпаздары 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грантты иеленді. Аталмыш жоба 2017 жылдан бастап еліміздің әр өңірлерінде өткізіліп келе жатыр. Жобаға кәсібін ашсам деген 14-29 жас аралығындағы жастар, бизнес жобаларын ұсыну арқылы қайтарымсыз грантты жеңіп алды. Жеңімпаздар 6 ай көлемінде ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға түрлі салада тегін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, команда мүшелерінің ай сайынғы жұмыстарын жобаны үйлестіру тобы бағалап, қырық мыңнан алпыс мың теңгеге дейін шәкіртақы бөліп отырады. Ауданымыздағы жоба жеңімпаздары шілде айынан бастап өз қызметтерін бастамақ.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521