Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жамбылдағы жақсылық

Жамбыл ауылдық округінде тұратын бір отбасында екі мүмкіндігі шектеулі жан бар Рысқали Ықсанғалиевқа «Жампоз» шаруа қожалығының мүшесі Алтынбек Жампозов құны 35 мың теңге көлемінде бір прицеп шөп, бір отбасында үш мүмкіндігі шектеулі жан бар Мақпал Даулетқалиеваға «Фархад» шаруа қожалығының мүшесі Нығымет Таяшев құны 35 мың теңге көлемінде бір прицеп шөп тасымалдап беріп, қайырымдылық көрсетті.

Бұған қоса, қазан айының аяғына дейін ІІІ топ мүгедегі Абзал Шоңбасовқа, І топ мүгедектері Қайырбек Даулетов, Жұмағыз Қоспақова, Бағытбай Жалғасбаев, ІІ топ мүгедегі Жеміс Ихсановаларға шөп тасымалдаушы округ тұрғындарының демеушілігімен шөп тасымалданып беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясына орай ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі екі отбасының балаларына 12000 теңге көлемінде оқу құралдарын алуға көмек көрсетілді.

Қайырымдылық айлары кезінде бала мүгедектерге ауыл кәсіпкерлері арқылы демеушілік көрсетіліп отырады. Жыл сайынғы мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін бір жолғы жәрдемақы құжаттары уақытылы тапсырылып отырса, мүмкіндігі шектеулі жандары бар бес отбасына жаңа нысандағы атаулы әлеуметті көмек тағайындалып төленді.

Б.СИСЕНОВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521