Темір жол бойында мал жайған, жауапкершілікке тартылады

Таяуда Мұқыр ауылдық клубында ауыл тұрғындарымен жиналыс болып өтті.

Онда алдымен сөз алған Мұқыр, Жантерек бекетінің бастығы Боран Өтеулиев:

–Теміржолдың бойы сол жерге жақын орналасқан ауылдар мен елді мекендер үшін аса қаупі мол аймақ. Сол себепті теміржол бойынан өткен кезде үлкен-кіші болсын, жан-жағына аса сақтықпен қарап, әрі арнайы белгіленген жерден өту керек. Сонымен қатар, далада жайылып жүрген малдарыңызды қараусыз жібермеулеріңізді сұраймыз. Ал, егерде малдары пойызға басылып, пойыз тоқтатылатын болса, онда 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көзделген заң талаптары бойынша жауапкершілікке тартылатын болады. Ал, малдың иесі табылмаған жағдайда құлағындағы сырғасы арқылы округ әкімі аппаратынан дер кезінде анықтаймыз. Заң бәрімізе ортақ. Алдағы уақытта, заң бұзушылыққа жол берілмейді, – деді.

Бір қуантарлығы – өткен жылдан бері әзірге адам басу мен мал басу оқиғасы тіркелмеген. Бұл әрине, сақтық шараларын дер кезінде алғанның нәтижесі. Сол себепті әр адам өз отбасында «Теміржол –қауіпті аймақ» деп айтып отырғаны абзал.

Лаура НАРИМАНОВА.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031