Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тарихты зерделейтін уақыт келді

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында айтылған ой-тұжырымдардан тарихқа деген ұстанымымыздың дұрыстығын, бағыт-бағдарымыздың айқындығын көруге болады.

Ұлы даланың жеті қырының кез келгені – Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ елінің рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркенденуіне септігін тигізген − Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар.

Біздің тарихымыз бай. Бірақ, өкінішке қарай, ғылыми тұрғыдан зерттеліп, жүйеленбеген, хатталып қағазға түспеген тарих. Елбасы мақаласында осы қалыптасқан қасаң тарихи сананы қайта жаңғырту қажеттігін қадап айтып, оны жүзеге асырудың нақты жолдарын атап көрсетті.

Демек, уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде басталған ұлттық тарихымызға терең үңіліп, түп-тамырымызды жете танып, оның күрмеуі күрделі түйінін шешуге ұмтылу – баршамызға ортақ міндет.

Рита АЛТАЙҚЫЗЫ,

Ш.Еркінов атындағы орта мектебі тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521