Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тайсойған халықтың игілігінде

Апта ішінде ауданымызға арнайы сапармен келген Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов аудан активімен кездесіп, Азғыр – Тайсойған полигоны аймағындағы қайтарылған жерлердің халық игілігіне айналдыру бағытында жасалған жұмыстар нәтижесін тарқатты.

Көршілес Ресей мемлекетіне 1949 жылдан жалға беріліп келген Тайсойған полигон аймағы бірнеше келіссөздердің нәтижесінде Қазақстанға қайтару жоспарланып, бүгінде сынақ алаңына айналған 749 мың гектар жердің 625 мың гектары елімізге қайтарылды. Осының нәтижесінде қазіргі таңда 25 шаруа қожалығы мал шаруашылығын өркендету мақсатында жер актілерін рәсімдеп, мемлекеттік бағдарламалармен ата кәсіпті қолға алса, 10 шаруа қожалығын ашуға ниетті тұрғындар құжаттарын дайындау үстінде. Сонымен қатар, сол маңдағы «Матин Петролиеум» АҚ жаңа жерден бұрғылау жұмыстарын бастаса, Уәз-да мұнай өндіру 2 есе артып отыр.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521