Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тәртіп пен талап – басты қағида

Адам баласы ұрпағына үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы дұрыс жолға бағыттайды.

Ал, дұрыс жолға бағыттау үшін ең алдымен тәртіп пен талап керек. Олар болмаған жерде белгілі бір нәтижеге жету қиын. Тәртіп адамның салауатты тепе-теңдікте өзін бақылай білуге үйретсе, осындай жетістікке жетуге өз-өзіне деген талап қуаттандырады. Талап пен тәртіптің қоғам дамуына да жақсы әсерін тигізетіндігі дамыған елдердің тәжірибесінен байқалуда. Тәртібің мен талабың ұштасқан жағдайда өмірдің қай саласында да орның айқын болары анық. Тәртібі қатаң, міндеті ауыр әскери қызмет қашанда өжет, алғыр әрі жігерлі болуды талап етеді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде өздерін барлық жағынан таныта білетін, мойындата алатын әскери қызметшілер ғана қызмет атқарулары тиіс. Олар алдымен тәртіппен бұйрықты орындаушы, содан кейін өзіне де, өзгеге де талап қоя біліп, істеріне жауапкершілікпен, ұқыппен қарайтын ел қорғар азаматтар. Дәл осындай талаптарды берік ұстау мақсатында Елбасының 2005 жылғы 21 ақпандағы №32 Жарлығына сәйкес «Әскери полиция органдары туралы» Заң мақұлданып, қазіргі таңда әскери полиция органдары мен әскери қызметшілер арасында қатаң тәртіп сақтауға бағытталған іс-шаралар өтуде.

Қарулы Күштердің Әскери полиция Бас басқармасының игі бастамасын Атыраудың әскерлері сәтті орындап, өткізілген шаралардың нәтижесінде өңірдегі әскери құқық бұзушылық деңгейі төмендеуде. Атап айтқанда, Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің офицерлері мен Атырау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелерде бөлім командирлерімен, тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарларымен бірлесе отырып, әскери қызметшілерді деструктивті идеологиялық, экстремизм мен терроризмнен қорғау, жеке және отбасы шиеленістері, өзіне-өзі қол жұмсау деректерін, жол-көлік оқиғаларын болдырмауы, сонымен қатар, өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу деректерінің алдын алу мақсатында ұдайы іс-шаралар жүргізілуде.

Азамат АКИШЕВ,

Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің офицері - уәкілі ЛУА, кіші сержант.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521