Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТӨРТ ЖОБАҒА ГРАНТ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кәсіпкерлікті одан әрі ілгері бастыруға зор маңыз беріліп отырғандығын айта келіп: «Шағын және орта бизнесті дамыту – XXI ғасырдағы Қазақстанды индустриялдық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы», – деп атап көрсетті. Алға қойған міндеттерге орай ауданымызда да нақты жұмыстар атқарылуда.

Өркендеу үрдісімізге кәсіпкерліктің рөлі арта түсті. Бұл ретте оларға мемлекеттік қолдау – гранттар беру. Грант – кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Оны ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлердің бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз, қайтарымсыз негізде алуға болады. Ол үшін миллион теңгеге дейінгі көлемде беріледі. Биылғы жылы да «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік грант беру бойынша конкурс өткізілді. Аталған конкурсқа ауданнан 7 кәсіпкер өз бизнес жобаларын ұсынып, оның төртеуі грант иегерлері атанды. Атап айтқанда, Миялы ауылдық округінен жеке кәсіпкер Ж.Арысов жүн, тері қабылдау орнын ашу үшін жүнді тайлауға арналған құрылғылар, Сағыз ауылдық округінен А.Набиев жылжымалы қой қырқатын аппарат және Ж.Досекенов ұлттық бұйымдар мен ұлттық тұрмыстық заттар өндіретін цех орнын ашу үшін лазерлік станок сатып алу жобалары бойынша грант иегері атанды. Бұл жобалардың негізгі кәсібі ауылшаруашылығы саласы болып табылатын аудан үшін маңызы зор. Демек, аталмыш грант иегерлері аудандағы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтуге үлкен септігін тигізіп, игі істер атқаратынына сеніміміз мол.

 Самаргүл НҰРМАҒАНБЕТОВА,

аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521