Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тұрғын үй көмегін кімдер ала алады?

Қазіргі кезде тұрғын үй кезегіне тұрып немесе тұрғын үй көмегін алғысы келетін азаматтар жетерлік.

Соған сай, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің сайтында қай жағдайларда азаматтарға әкімдік тұрғын үй көмегі берілетіні көрсетілген. Айталық, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды жалдайтын отбасыларға тұрғын үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдайтын отбасыларға коммуналдық қызметтерді, сонымен қатар, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына қосымша тұрғын үй көмегі беріледі. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге көмек берілетіні айтылады. Осы тұста, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Бақтыгүл Шыңдыбаевамен сұхбаттасқанды жөн көрдік.

– Бақтыгүл Зинеденқызы, тұрғын үй көмегін алғысы келетін отбасының жиынтық табысы қандай болу керек?

– Аз қамтылған отбасыларына Қызылқоға аудандық мәслихаттың 18.11.2015 жылғы №ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, тұрғын үй көмегі тағайындалса, осы шешімнің 2 бабында: «Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда тұрғын үйді күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық кірісіне қатынасы бес пайыз», – деп көрсетілген.

Сондай-ақ, тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №7412 санымен тіркелген) бұйрығымен реттеледі. Яғни, отбасының жиынтық табысының 5 пайызы коммуналдық қызметтер шығысының жалпы сомасынан кем болғанда үміткер отбасы тұрғын үй көмегін ала алады. Мысалы, отбасының орташа айлық жиынтық табысы 50000 теңге делік. Жиынтық табыстың 5 пайызы – 2500 теңге. Ал, коммуналдық қызмет шығыстарына жататын электр қуаты – 3200 теңге, газ – 6000 теңге, ауызсу – 400 теңге, барлығы 9600 теңге болады. Осы жиынтықтан (50000х5%) 2500 теңгені шегергенде, 7100 теңге тұрғын үй көмегі болып есептеледі. Бұл тұргын үй көмегі азаматтардың маусымдық от жағу кезеңінде коммуналдық қызметтерді көп тұтынуына байланыс-ты тұрғын үй көмегінің мөлшері де көп тағайындалады.

– Оған қандай құжаттар керек?

–Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасы «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қызылқоға аудандық бөлімі және «Электронды үкіметтің» www/egov/kz порталы арқылы осы мемлекеттік қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес, нысан бойынша өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, отбасы кірістерін растайтын құжаттар, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалатын ай сайынғы шығыстардың түбіртектері және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсу бөлігінде тұтынғандығы жөнінде шоттар сынды құжаттарды тапсыра алады.

– Тұрғын үй көмегі қалай төленеді?

–Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасының құжаттары Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе «Электронды үкіметтің» www/egov/kz порталы арқылы түскеннен кейін, тұрғын үй көмегі тағайындалып, тиесілі болса ай сайын үміткер адамның жеке шоттарына аударылып отырады.

– Аудан бойынша қанша отбасы тұрғын үй көмегін алып отыр?

–Аудан бойынша 2017 жыл ішінде тұрғын үй көмегін алушы 22 отбасына 287,2 мың теңге тағайындалып отыр. Алайда, қазіргі таңда халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы себепті тұрғын үй көмегін алушылар қатары азаюда.

Сұхбаттасқан, Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521