Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАРТУЫ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында әрбір қазақ азаматының кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, яғни туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталатындығы – ұлттық патриотизм екендігіне аса көңіл аударған.

Бүгінде ауылдан түлеп ұшқан 20 жыл, 30 жыл, 40 жыл бұрынғы жас түлектер ұрпақтарға үлгі өнеге боларлықтай игі істердің ұйытқысы болып тек қана той-думан ұйымдастырумен шектелмей, өздерінің ыстық ықыластарын өз туып-өскен жерлерінің көркеюіне, өткен тарихи өткелдеріне мән бере отырып, түрлі шаралар ұйымдастырып жүргендерін мақтанышпен айтуға болады. Былтырғы Мұқыр орта мектебінің 42 түлектері орталық саябақтағы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер жерлестерімізге» атты ескерткіш-обелискіні жаңғыртып жөндеу жұмыстарын жүргізген болса, биылғы 43 түлектер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан 256 адамның және соғыстан аман келіп, бейбіт күнде еліміздің әр саласында елеулі еңбек етіп, кейіннен дүниеден өткен 175 жерлестеріне мрамор тасқа қашалып жазылған момериал тақта орнатып, ата-бабаларының даңқын асырып, құрметпен сауапты іс жасады десек артық айтқандық емес. Бұл әрине ауыл халқының көптен бергі толғандырып жүрген мәселе олатын. Сондай-ақ, түлектер қамқорлық шараларын да ұмыт қалдырмай, биыл 1 сыныпқа қабылданатын 10 оқушыны барлық қажетті мектеп құрал- жабдықтарымен қамтамасыз етті. Сондықтан, алдағы уақытта да ауыл азаматтары туған жерге деген ізг ниеттерін игілікті іс-шараларға жұмсайды деген ойдамыз.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521