СОТ ҰЖЫМЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аудандық сот төрағасы Айтжан Досмағамбетова кәсіби мереке қарсаңында жергілікті журналистерді қабылдады.

Қабылдауға аудандық «Қызылқоға» газеті бас редакторының міндетін атқарушы Лена Нұрбаева, журналистер Бауыржан Бердіғалиев, Гүлмира Тілегенова және «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалының Қызылқоға ауданындағы меншікті тілшісі Жанас Қожырбаев қатысты. Алдымен сөз алған сот төрағасы Айтжан Досмағамбетова журналистерді төл мерекелерімен құттықтап: – Мемлекет пен қоғамның құрылуы мен дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі жоғары. Сот жүйесіне көрсетілетін ақпараттық қолдау мен әріптестік үшін бұқаралық ақпарат өкілдеріне алғыс білдіремін. Сіздерді сот төрелігінің ашықтығы мен заң үстемдігін қамтамасыз етуге оң ниетпен және ұдайы түрде әріптестікті жалғастыруға шақырамын. –деді. Журналистер кәсіби мереке күні кездесу ұйымдастырып, көрсеткен ықыласы үшін алғыс білдірді. Және алдағы уақытта да тығыз байланыста болатындықтарын жеткізді.

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031