Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әскери білім алғыңыз келе ме?

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін білікті жас кадрлармен жасақтауды жүзеге асыру үшін, «Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» ережесін басшылыққа ала отырып, 17-21 жас аралағында жоғары және негізгі сынып оқушыларына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде жоғары және арнаулы орта әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жүріп жатыр.

2018-2019 оқу жылында талапкерлердің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрлықтағы әскерлерінің әскери институты, Әуе Қорғаныс күштерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты және Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусына түсуі үшін үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Аталған әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерге денсаулығы әскери қызметке жарамды, сабақ үлгерімі жақсы және жинақталатын құжаттарының толық болуымен қатар Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Ал, таңдау пәніне шектеу қойылмаған.

Әскери оқу орындарына түскен азаматтарға қысқы оқу демалысы кезінде 15 тәулік, жазғы оқу демалысы кезінде 30 тәулік демалыс уақыты беріліп, демалыс уақытында оқу орнына барып-келу жол қаражаты оқу орны жанынан қарастырылады. Оқу орнына түскен әрбір курсант мемлекет қарауында болып, тегін киім-кешекпен, азық-түлікпен, қаржылай және жатақханамен қамтамасыз етіліп, оқу орнында тегін білім алады. Оқу орнын бітірген курсанттарға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен лейтенант шені беріліп, республикалық дәрежеде әскери оқу орнын бітіргендігі туралы диплом беріледі. Оқу орнынан алған әскери мамандығымен бірге дипломға азаматтық мамандығы жазылады. Әскери оқу орнын бітірген әскери қызметші Қазақтан Республикасының аумағында жолдама арқылы 10 жылға келісімшарт негізінде жұмыспен, тұрғын үй-жайлармен, атқаратын лауазымына орай жоғары еңбек ақымен міндетті түрде қамтамасыз етіліп, жыл сайын 40 күндік еңбек демалысы беріледі және денсаулығын түзетуге 2 лауазымдық көлемде үстемақы төленеді. Әскери қызметкерлердің тапқан айлық табысынан ешқандай салық ұсталмайды.

Қызылқоғалық жастардың ішінен биылғы оқу жылында мектепті және арнаулы орта колледждерді бітіріп, аталған әскери оқу орындарына баруға ниет білдірген үміткерлер толықтай мағлұмат алу үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 2-21-35, 2-14-43, 2-11-04 телефондарына хабарласуларына болады.

Анарбек МУТАЛЯПОВ,

аудандық қоғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521