Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Ойынхана жабылсын!»

Қазақы қаймағы бұзылмаған Қызылқоға өңірінде соңғы жылдары букмекерлік кеңселер ашылып, ойынхана бизнесі қолға алына бастады.

 

 

Содан бері құмар ойынға құмартқан ауыл жастары ойынхана жағалап, тіпті кейбіреуі соның соңына түсіп те алды. Тек жастар ғана емес ақыл тоқтатқан ересек адамдардың өзі бала-шағасының аузынан жырып, тапқан-таянғандарын құмар ойынға салуда. Бұған алаңдаған ауыл ақсақалдары жақында аудандық ардагерлер үйінде бас қосып, түйіткілді тақырыпты қозғады. Аталған басқосуға «Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері де қатысты. Жиынды ашқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин:

– Қазіргі таңда ел арасында «Шарик» аталып кеткен ойынхана осыдан бір жыл бұрын жабылғанда қуанған едік. Енді міне 24 шілдеден бастап Миялы ауылында қайта ашылыпты. Содан бері ауылдан береке кетті. Отбасын асырауға тиісті атпалдай азаматтар қолындағы барын әлгі ойынға салып, бала-шағасын нәпақасынан айыруда. Тіпті күйеуі құмар ойынға салынып кеткендіктен ажырасуға арыз беріп қойғандар да бар екен. Осы ойынхана ашылғалы ардагерлер кеңесіне ауыл жастары мен ақсақалдардан ауызша, жазбаша арыз айтып келгендер көбейді. Соларды басшылыққа алып, бүгін арнайы жиналып отырмыз. Басты талап – ойынхана жабылсын. Әрине, біз біреудің жеке кәсібіне, заңды бизнесіне қарсы емеспіз. Әлгі ойынхана иелері де заңды түрде салығын төлеп, ашып отырған болар. Бірақ, қазақылығы сақталған Қызылқоға ауданына келіп, ел-жұртты бүлдірмесе екен деген талабымыз бар, – деді. Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының сөзін қуаттаған Жаубасар Мұхамбетов, Құмар Хасанов, Жаңбырбай Ақтаев, Табылды Құмарғалиев, Мысырғали Берденов, Орынғали Салықовтар ойынхана жастарды бұзатынын, соның кесірінен ұрлық пен қылмыс өсіп отырғандығын, одан талай шаңырақ шайқалатынын тілге тиек етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521