Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Оқушылар жәдігерлермен танысты

Таяуда Тасшағыл орта мектебінің оқушылары көршілес Ақтөбе облысының Ойыл ауданына бір күндік саяхат жасады.

Саяхат барысында оқушылар Ойыл ауданының бай әрі әсем табиғатын тамашалап, көшелерін аралады. Соның ішінде, Шығанақ Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы мұражайына барған оқушылар көптеген тарихи көне жәдігерлермен танысты.

Атап айтсақ, мұражай ішімен танысып, экспонаттар мен арнайы жасақталған киіз үйді тамашалады. Тіпті, патша заманында әйгілі болған Көкжар жәрмеңкесі өткен орынға атбасын тіреп өздеріне беймәлім деректермен танысып, қызықтады. Оқушылар көне жәдігерлермен танысып қана қоймай, жастар саябағында серуендеп, қоғам қайраткері Байсалбай Жолмырзаевтың мемориалдық ескерткіш тақтасына тағзым етіп, естелік суретке түсті.

Шұғыла ЕҢСЕП,

Тасшағыл орта мектебінің оқушысы,

«Қызылқоға» газетінің жас тілшісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521