Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы

Кеше Миялы ауылындағы «Жастар» паркінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы, халқымыздың мәртебесі» атты облыстық патриоттық эстафетасы салтанат құрды.

7

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Алаш мәдениеті» қоғамдық қорының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұйымдастырылған шарада еліміздің Әнұраны орындалып, аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев мемлекеттік рәміздерді заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеудің маңыздылығын тарқатты. Шараға қатысқан жастар ұлттық ойындар сайысының көркін қыздырып, жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.

7

Ауыл өнерпаздары патриоттық әндер шырқалды. Елдігіміздің нышаны дәріптелген облыстық патриоттық эстафета Исатай ауданына жолданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521