Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МАТЕМАТИКА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Жақында, Миялы ауылындағы «Шапағат» оқу орталығы ғимаратының ішінен математика орталығы ашылды.

Онда мектепте оқытылатын барлық пәндер қамтылған. Онымен қоса, жас шәкірттерді шапшаң оқу, көркем жазу, шахмат, үйірмелеріне баулиды. Оқу орталықтығының ашылғанына көп уақыт өтпесе де, қазір мұнда 50 шәкірт білімдерін жетілдіріп жатыр. Аталмыш орталықтың құрылтайшысы жерлесіміз Амангүл Жекенова бұл жобасын Атырау, Құлсары қалаларында іске асырып үлгерген. – Соңғы жылдары ауылымызда білімге, өнерге құштар, талапшыл оқушылардың көп екенін аңғарып жүрдім. Сондықтан, өзімнің туған жеріме қызмет көрсету үшін оқу орталығын аштым.

Мұнда балалар мен жасөспірімдер, қосымша білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Алдағы уақытта балғындарға орыс, ағылшын тілдерін үйрету курсын ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қоса, орталықта көпбалалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған. Қазір орталықта төрт маман жұмыс істейді. Қосымша білім алушы шәкірттер саны күн санап өсіп келеді. Бұл бізді қуантуда, - дейді орталық жетекшісі.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521