banerkzbig

Кеңес үкіметінің кітабынан құтылатын болдық

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі ең жақсы 100 жаңа оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалатыны айтылған болатын.

Соның жарқын дәлелі жақында Астана қаласында 100 жаңа оқулықтың алғашқы кітаптарының таныстырылымы өтіп, оған Елбасы өзі қатысты. Алғаш болып шет тілден философия, менеджмент, бизнес, ғылым бағытындағы кітаптар аударылды. Бұл кітаптарға Елбасының өзі оң бағасын берген еді. Жалпы алғанда «100 жаңа оқулық» жобасы еліміздің білім мен ғылымға мықтап бет бұрғанын дәлелдейді. Бұл әлемдік стандартта бар жоба. Себебі, әлемнің экономикасы дамыған елдерінің тарихына көз жүгіртсек, ең бірінші осы білім мен ғылымды қолға алған. Қазір барша әлемде жаһандану дәуірі басталды.

Ғалам қарыштап дамып барады. Әлемдегі экономиканың, өндірістің, адамзаттың ақыл-ойының дамуы ерекше. Сон¬дықтан, біздің де «100 жаңа оқу-лықты» аудару мәселесін қолға алуымыз қажет. Рухани жаңғырудың негізінде экономикалық жаңғыру да бар. Қазір әлемдік жаһандану заманында қай-қай елде экономикасыз өмір сүре алмайды. Сондықтан, экономикамен үндестіре қарамасақ, ұтыламыз. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін әлемдік экономикамен байланыса дамуымыз қажет. Әлемдік экономикалық үндестікке білім арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Білім мен ғылым оқулық арқылы келеді.

Сол оқулық арқылы санамызды жаңғырта отырып, бәсекеге қабілетті маман дайындай аламыз. Экономикамыз дамыса, рухани көкжиегіміз кеңейеді. Жағдайымыз да жақсарады. Сонымен қатар, бұл студент жастарымыз үшін тиімді болмақ. Сөздің шыны керек қазір жоғары оқу орындарының кітапханасында баяғы кеңес үкіметі тұсынан қалған кітаптар бар. Оның дені орыс тілді. Жастар басқа оқулық болмағандықтан сонымен білім алуға мәжбүр. Ал, «100 жаңа оқулық» жобасы толықтай жүзеге асқанда жастарымыз әлемнің маңдайалды ғалымдарының еңбектерімен танысып, жаңаша бағытта білім алатын болады.

Гүлжан АЙСАҒАЛИЕВА,

аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету секторының меңгерушісі.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig