banerkzbig

«Бәйтерек» мешіті әкімшілігінің аудан халқына ҮНДЕУІ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла Тағаланың атымен бастаймын. Құрметті жерлестер, ардақты ағайын.

Міне, бір жылды артқа тастап қасиетті Рамазан айы есігімізден еніп отыр. Бұл ай қазақылығы бұзылмаған біздің аудан үшін де ең берекелі де, мерекелі де айлардың бірі. Осынау қасиетті айда барша аудан халқын той-томалақтар мен түрлі қуанышты басқосуларды арақсыз өткізуге шақырамын. Қасиетті Құранда «Арақ барлық жамандықтың бастауы» деп келетін аят бар. Расымен де осы арақтың кесірінен талай шаңырақ шайқалып, арыстай азаматтар ажал құшты. Аналар жесір, балалар жетім қалып, сүттей ұйып отырған талай отбасының берекесін қашырды. Сол себепті де, тым болмаса осынау қасиетті айда аудан халқы болып арақтан бас тартып, дастарқанымызды шұбат, қымыз сияқты өзіміздің ұлттық сусындармен толтырайық. Аудан кәсіпкерлері осы бастаманы қолдап, бір ай бойы арақ сатпаса, тойхана иелері арақсыз өтетін тойларға жеңілдік жасаса нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар, ел ағалары мен кәсіпкерлерді, жалынды жастарды «Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық шараларын өткізіп, берекелі айда мұқтаж жандарға қол ұшын созуға шақырамын.

Құрметпен,

Мұрат СҰЛТАНОВ,

«Бәйтерек» мешітінің бас имамы.

 

ЕСКЕРТУ:

Биыл, яғни 2018 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 29 күн

1. Сәресі ішу, яғни ауыз бекіту таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады;

2. Ақшам намазының уақыты кіргенде ауыз ашылады;

3. ҚМДБ төралқасының шешімі бойынша биылғы пітір садақаның ең аз мөлшері 300 теңге болып бекітілді;

4. Маусымның 11-нен 12-не қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig