Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жәнібек – Қазақстан чемпионы!

Жақында Қостанай қаласында қазақ күресінен 1999-2001 жылы туған жастар арасында Қазақстан чепионаты өтті.

Оған еліміздің барлық аймағынан сайдың тасындай іріктелген 500-ге жуық балуан қатысты. Байрақты бәсекеде 55 келіде Атырау облысы намысын қорғаған жерлесіміз Жәнібек Тельман алғашқы белдесулерінде Қызылорда, Алматы, Қарағанды, Жамбыл облысының балуандарын ұтып, финалға шықты. Ал, ақтық сында алматылық қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды. Сөйтіп, ол қазақ күресінен «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын алды. Осы орайда, Жәнібекті бұл жарысқа дайындап алып барған тағы бір жерлесіміз Айбек Серғазиев екенін айта кетейік.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521