Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жерлестеріміз облыстық лига жеңімпазы

Жақында Атырау қаласында «Дене тәрбиесін дамыту» орталығының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасындағы шағын футболдан облыстық лига ойындары өтті.

Оған Атырау қаласы мен барлық аудандардан 8 команда бақ сынады. Бұл жарыста аудан намысын қорғаған жасөспірімдерден құралған «Қызылқоға» құрама командасы өз тобынан іркілмей шығып, ақтық сында Атырау қаласының футболшыларымен кездесті. Тартысты өткен финалдық бәсекеде жерлестеріміз атыраулық аяқ допшыларды 3:2 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Осы орайда, жасөспірім футболшыларды бұл жарысқа дайындаған Бауыржан Досқалиевтың еңбегі зор.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521