060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жерлес балуандар жарады

Жақында Ақтау қаласында Қазақстан мұнайының 120 жылдығы және «Өзенмұнайгаз» АҚ 55 жылдық мерейтойына арналған қазақ күресінен ашық республикалық турнир өтті.

Оған қатысқан аудан балуандары облыс, аудан намысын қорғап жүлделі оралды. Аталмыш сайыста барлығы 8 команда балуандары бақ сынады. Ал, Атырау облысы атынан жаттықтырушы Айбек Серғазиев 60 келіден Бекет Жүніс, Әділбек Айтқали, 66 келіден Нұрболат Ізімғалиев, Әділет Құлшым, 74 келіден Наурызбек Майлашев, Сағат Ғазимов, 82 келіден Думан Мүтіш, Дулат Багенов, +82 келіден Руслан Ізғалиевтарға сенім артты. Аталған балуандардың барлығы Қызылқоға спорт мектебінің түлектері болып саналады. Боз кілемде балуандарымыз Маңғыстау облысының жастар құрамасын, Ақтау, Жаңаөзен командаларын ойсырата жеңіп ақтық мәреге жолдама алған болатын. Ал, финальда жерлестерімізге сәттілік жетіспей Маңғыстау облысы құрамасынан 3-2 есебімен жеңілді. Осылайша, білекті балуандарымыз облыс атын абыроймен қорғап аудан мерейін тағы да бір мәрте үстем етті.

Нұрәділ ЕЛАМАН

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?