Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жеңімпаздарды күтіп алды

Газетіміздің өткен санында хабарлағанымыздай Өскемен қаласында джиу-джитсудан 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 46 келіде топ жарған Ғибрат Әмірше мен 50 келі салмақта күміс жүлдеге ие болған Мұхамбет Ғайни бүгін таңғы сағат 08:55-те пойыздан түсті.

Қашанда, аудан, облыс мерейін үстем еткен спортшыларға әрдайым құрмет көрсетсе керемет емес пе?! Осы орайда, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Жарас Есенғалиев, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мәлік Сүлейменов, Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Болатбек Меңдіғалиев, Сағыз ауылдық округінің әкімі Қуанай Ізмағамбетов және жеңімпаз-жүлдегердің жерлестері, ағайын-тума, сайыпқыран жаттықтырушысымен бірге мұғалімдері мен құрдастары пойыздан күтіп алып, құрметке бөледі.

Аталмыш бөлімнің басшысы Жарас Есенғалиев пен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мәлік Сүлейменов спортшыларды құттықтап, ізгі тілектерін арнаса, «Шұғыла» мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521