Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тасшағылдықтар жеңімпаз

Өткен аптада Атырау қаласында Шернияз Айзаттың еміне қаражат жинау мақсатында кіші аяқ доптан қайырымдылық турнир өтті.

16 команда бақ сынаған жарысқа біздің ауданнан Тасшағыл ауылының «Намыс» командасы да қатысып, аудан абыройын асқақтатып қайтты. Жерлестеріміз тартысты өткен турнирде өз тобынан дара шығып, жартылай финал мен ақтық сында да қарсыластарын айқын ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.

Осы орайда, жеңімпаз команда сапында Нұрлыбек Сымғалиев, Данияр Қайырбекұлы, Райымбек Омар, Райбек Тілеухан, Қазыбек Мұхитов, Ілияс Мәлік, Дамир Байбатыров, Думан Меренов, Бағдат Исағалиев, Руслан Сүйінов, Алтынбек Нұрлан, Әлихан Нариманов, Айдын Урабаевтар өнер көрсеткенін айта кетейік.

Нұрәділ ЕЛАМАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521