Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тасшағылдықтар қарсылас шақ келтірмеді

Жақында Миялы спорт кешенінде «Жастар жылына» орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан жасөспірімдер арасында аудандық ашық лиганың алғашқы кезеңі өтті.

Жарысқа Тасшағыл, Ойыл, Қызылқоға, Жамбыл, Тайсойған, Жангелдин, Миялы ауылдық округтерінің командалары қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Жеребе бойынша топқа бөлінген командалар алдымен топтық кезеңде іріктеліп, кейін жартылай финал, финалдық кезеңдер бойынша бақ сынады. Нәтежиесінде, тасшағылдық жасөспірімдер қарсылас шақ келтірмей, ашық лиганың алғашқы жеңімпаздары атанды. Финалда олардан ұтылған Тайсойған жастары жарыстың екінші орынын місе тұтса, жангелдиндік жас волейболшыларға доданың үшінші орыны бұйырды. Ал, турнирдің «Үздік ойыншы» атағына Тасшағыл командасының ойыншысы Нұрбол Тегісбай мен тайсойғандық Жоламан Табылды ие болды.

Нұрәділ БИЖАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521