Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағыздықтар қарсылас шақ келтірмеді

Жақында Ақтөбе қаласына 150 жыл, Мартөк балалар жасөспірімдер спорт мектебіне 50 жыл және «Жастар жылына» орай дзюдодан 2005-2007, 2008-2009 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтті.

Оған Сағыз ауылының дзюдошылары да қатысып, байрақты бәсекеден жүлделі оралды. Атап айтсақ, 30 келіде Жеңіс Ниязғали мен 24 келіде Саят Жұмағали барлық қарсыласынан басым түсіп алтыннан алқа тақса, 33 келі салмақта белдескен Дамир Асылбекұлы мен 48 келі салмақта өнер көрсеткен Оразалы Жұмат күміс жүлдеге ие болды. Осы орайда, жас балуандарды аталмыш жарысқа дайындаған жаттықтырушы Сәлімгерей Нұрболғановтың еңбегі зор.

Нұрәділ БИЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521