Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағыз бірінші кезеңнің жеңімпазы

Өткен аптаның сенбісі күні Миялы спорт кешенінде кіші аяқ доптан ересектер арасында ашық лиганың ашылу салтанаты болып өтті.

Онда сөз сөйлеген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жарас Есенғалиев, Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Қисметолла Қуанаев жарысқа қатысушыларды футбол лигасының ашылу салтанатымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Турнирдің бірінші кезеңіне сегіз команда қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде, Сағыз ауылдық округінің командасы бірінші орынды жеңіп алса, Миялы ауылдық округінің командасы екінші орынды, Көздіғара ауылдық округінің командасы үшінші орынды еншіледі. Тартысты ойында шеберліктерімен көзге түскен Дәурен Қайыров (Сағыз), Алтынбек Берікбайұлы (Тасшағыл), Ақжомарт Кенжеболаттар (Көздіғара) «Үздік ойыншы» атағына лайық деп танылды. Жеңімпаз-жүлдегерлерді танымал кәсіпкер Медет Серікбаев арнайы дипломмен марапаттаса, «Қызылқоға – құтты мекенім» қайырымдылық қорының төрағасы Азамат Өтебаев қор атынан қаржылай демеушілік көрсетті. Айта кетерлігі, кіші аяқ доп лигасы әр тоқсан сайын ұйымдастырылып, жыл соңында қорытындыланады.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521