Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сұңғат – спартакиада жеңімпазы

Жақында Орал қаласында дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спартакиадасы болып өтті.

Төрт жылда бір өтетін байрақты бәсекеге еліміздің 15 облысы мен 3 қаласынан ең үздік деген апайтөс палуандар қатысып, үш күн бойы жарыс көрігін қыздырды. Аталмыш жарыста 90 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз Сұңғат Закарияев алғашқы белдесулерінде Алматы, Қызылорда, Қарағанды облыстарының палуандарын ұтып, ақтық сынға шықты. Финалда өзінің сыралғы қарсыласы шымкенттік Марат Байқұмаровпен белдесіп, одан да айласын асырды. Сөйтіп, төрт жылда бір болатын байрақты бәсекенің алтын медалін иеленіп, жарыс чемпионы атанды. Сұңғат осы жарыстан кейін ел құрамасы сапында әлемдік жарыстарға күресуге мүмкіндік алды. Ендеше, жерлесімізге сәттілік серік болсын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521